Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімі(бұдан әрі-Мемлекеттік тізілім) -нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен осы актілер туралы басқа да, ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік есебінің біртұтас жүйесі.
Мемлекеттік тізілім мен Эталондық банкті жүргізу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктеледі. Мемлекеттік тізілім жүргізілуін қамтамасыз етуді «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асырады.
Мемлекеттік тізілімге енгізуге келесі нормативтік құқықтық актілер жатады:

  • Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
  • конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары; заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да нормативтік құқықтық жарлықтары;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының нормативтік қаулылары;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
  • Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдарының басқа да басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
  • орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
  • мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері;

«Қызмет бабында пайдалану үшін», «баспа үшін емес», «жария етуге болмайды» белгісі бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатады.
«Ерекше маңызды», «өте құпия», «құпия» белгілері бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатпайды.

Мемлекеттік тізілімді http://www.zanorda.kz мекенжай бойынша қарауға болады.