«Заң» деректер базасы туралы

      Қазіргі уақытта компьютерлік технологияны қолданбайтын адам өмірінің саласы жоқ сияқты. Бұл ретте құқық саласы да ерекшеленбейді.
      Жас егемен мемлекетіміздегі қызметтің түрлі салаларын үнемі реформалау, жаңа экономикалық қатынастарды құру, олардың өмірдің әлеуметтік аспектілерімен бірлігі және өзара байланыстылығы заңнамалық қорды жетілдірусіз мүмкін емес. Жаңа нормативтік құқықтық актілердің ауқымды алабын қабылдау, алдында қабылданғандарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қолданыстағылардың санынан күші жойылған актілерді алып тастау, заңнамалардың барлық бөлімдері бойынша, немесе бір тақырыппен біріктірілген, сондай-ақ бір-біріне қарама-қайшы келетін заңдардың, жарлықтардың, қаулылардың, ведомстволық актілердің, әкім шешімдерінің түрлі мүмкін айла-әдістерін тек қана компьютерлік ізденіс бағдарламасы арқылы жылдам тауып, зерделеуге болады.
      Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстан нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тілде -«Заң» және орыс тілінде – «Закон» компьютерлік базасын құрып, ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету бойынша өз жұмысында қолданып келеді.
      Осы база –1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері ресми мәтіндерінің неғұрлым толық электрондық жиынтығы.  Базада қажетті сілтеме және түсіндірмелермен ресімделген нормативтік құқықтық актілердің алдыңғы редакциясын сақтау мүмкіндігі, сонымен бірге күші жойылған құжаттар кітапханасының болуы- енгізілген өзгертулер хронологиясын бақылауға мүмкіндік береді.
      Жаңа компьютерлік технологиялар РҚАО-ға пайдаланушыға қажетті ақпаратты шапшаң табуға көмектесетін «Заң/Закон» деректер базасының ыңғайлы іздестіру қабықшасын жасауға мүмкіндік берді. Іздеу жүйесі түрлі іздестіру мүмкіндіктерімен жабдықталған және ыңғайлы, мысалы, құжат мәтіндеріндегі сөз немесе сөз тіркестері; құжаттың қабылданған күні; қабылданған нөмірі немесе ҚР НҚА Мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі; классификатор; құжат түрі; ведомствоға; қолданылу аймағы; қабылданған орны арқылы іздестіруге болады. Деректер базасының сервистік мүмкіндіктері бір нормативтік құқықтық актіден гипермәтіндік сілтемелер арқылы басқасына ауысуды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Деректер базасы түсініктемелер, сөздіктермен жабдықталған, күші жойылған құжаттар мұрағаты қалыптастырылған, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің алдыңғы редакциясы қалпына келтірілген. Пайдаланушы деректер базасының қолданыстағы болжамынан қандай да болмасын НҚА-ны қарау барысында оның кез келген редакциясын қосу мүмкіндігіне ие. 
      Деректер базасының бағдарламалық іздестіру қабықшасы заңнаманың нормативтік алабынан жалпы, сонымен бірге жеке бөліктері,тақырыптар бойынша іздестіру арқылы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құжатпен жұмыс істеу барысында екі терезе тәртібімен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінді бір уақытта қарастыру мүмкіндігі бар.
 
      «Заң" ДБ техникалық мүмкіндіктері:
  • Windows 95, 98, 2000, NT, XP, Vista және Windows 7 ортасында жұмыс істеу;
  • жергілікті, сондай-ақ желілік тәртіпте жұмыс істеу;
  • электрондық пошта арқылы -күн сайын, CD - дискілерде апта сайын жаңартуды алуға жағдай жасайды.

 

 

  Пайдаланушыға нұсқаулық

  "Заң" ДБ жаңартуы

  Баға парағы

  Шарт жасауға өтінім 

  Ұсыныстарды қабылдау