Кәсіпорын жаңалықтары, Баспасөз релизі, interview's of official's

«Әділет кеңес береді» акциясы Алматыда

2011 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС

 2012 жылдың 14-16 наурызынан бастап ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК 2011 жыл ішіндегі жұмыстың қорытындысын шығарды, оның нәтижелері директордың міндеттерін атқарушы Р.Н. Жантасованың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген өндірістік кеңес барысында талқыланды. 

Өскемен қаласы «Сәбилер үйі» ММ тәрбиеленушілерін құттықтау

2011 жылғы желтоқсанның 26-сы РҚАО Шығыс Қазақстан филиалының ұжымы келе жатқан  Жаңа жыл мейрамымен Өскемен қаласындағы «Сәбилер үйі» ММ-де тәрбиеленіп жатқан жетім балаларды құттықтады. Сәбилер үйінде нәрестелермен қатар 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленіп жатыр. Бұл мекеме қазіргі заманғы талаптарға сай ыңғайлы жиһазбен, ойыншықтармен жабдықталған ғимаратта орналасқан. Онда мейірімді, шын жүректен балаларды сүйетін адамдар қызмет етеді.

Құқықтық білім мектебі

2011 жылғы желтоқсанның 27-сі Ұлан ауданының әкімдігінде құқықтық мектептің кезекті сабағы өтті, оған РҚАО Шығыс Қазақстан филиалының директоры Ә.А. Ислямова да қатысты. Сабаққа аудандық бөлімдер мен ауылдық округтердің мамандары қатысты.
Осы сабақ мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мәселелеріне арналды. Ә.А. Ислямова жіберілетін қателер, әсіресе бұған дейін қабылданған актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін актілердегі қателер туралы баяндады.

ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу құрметіне өткізілген шығармашылық конкурс мәресіне жетті

 «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-да 2011 жылғы қарашаның 14-і мен 30-ы аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Мен, менің кәсіпорным, менің Республикам» шығармашылық конкурсы өткізілді.

Оқыту - ілгерілеу кепілі

«Заң» деректер базасының жаңа тапсырыс берушілерін және ықтимал пайдаланушыларын «Заң» ДБ-ның іздестіру мүмкіндіктерімен және жұмыс істеу әдістемелерімен таныстыру мақсатында жоспарлы іс-шаралар өткізілді. 

РҚАО-ның Алматы филиалы «Әділет кеңес береді» республикалық акциясына қатысты

  Кәсіпорынның Алматы филиалы а.ж. 5-7 қазан күндері «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысына сәйкес, халыққа тегін заңдық көмек көрсету және құқықтық түсіндіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеуге байланысты өткізілген «Әділет кеңес береді» республикалық акциясының белсенді қатысушысы болды. 

Әділет органдары арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған республикалық сайыс

 2011 жылдың 29,30 қыркүйек күндері ХIІІ Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бейнеконференц байланысы арқылы республикалық әділет органдарында қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында конкурс өткізілді.