РҚАО-ның тарихы

 

- 1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығына қол қойылды. Оның 8-тармағында Республикалық құқықтық ақпарат орталығын құру жөнінде айтылған болатын.

- 1994 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық автоматтандырылған жүйесі» бөлімінің негізінде штатында 10 адам бар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» құрылды.

- 1994 жыл- ақпаратты-құқықтық қамтамасыз ету туралы алғашқы шарттарға қол қойылды. Тапсырушылар – Ауыл шаруашылығы министрлігі, Казкоммерцбанк және АВN Амро Банк;

- 1995 жылға дейін «Заңнама» ДБ ақпараттық кеңістігі сырттағы ұйымнан сатып алынған, DOS операциялық жүйесімен іске асырылатын бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жасады;

- 1995 жылғы 24 сәуірде Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығының мәселелері» № 538 қаулысы қабылданды, РҚАО мен оның филиалдарының штаттық саны 73 адам болып бекітілді;

- 1995 жылы РҚАО-ның инженер-бағдарламашылары «Windows» операциялық жүйесінде өздерінің жеке «Заңнама» Деректер базасы бағдарламалық қоршамын жасады, ДБ ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен толықтырылды; Қазақстан  Республикасының  барлық облыс орталықтарында аймақтық құқықтық ақпарат орталықтары ашылды;

- 1995 жылдан бастап Деректер базасы ҚР әділет министрлігінде тіркелген орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен толықтырыла бастады;

- 1996 жылдан бастап Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ұлттық құқықтық ақпарат  орталықтарымен заңнама бойынша электрондық деректер базасымен алмасу жүзеге асырылды;

- 1997 жылдың мамырында пайдаланушылардың өтініштерін ескеріп жетілдірілген, «Windows»та ДБ-ның екінші нұсқасы жасалды. Деректер базасына жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік құқықтық актілері енгізілді;

- 1997 жылдың желтоқсанынан бастап РҚАО «LexInfoSys» Орталық Азия және Закавказье елдерінің заңнамасы бойынша Мемлекетаралық деректер базасын қалыптастыру жөніндегі Неміс техникалық серіктестік қоғамының (GTZ) жобасына қатысты. Жобаға осы мемлекеттердің 5000-ға жуық негізгі нормативтік құқықтық актілері, соның ішінде Қазақстан  Республикасының 1500 жуық заңнамалық актілері енгізілді http://www.cis-legal-reform.org/;

- 1998 жылдан бастап «Заңнама» ДБ желілік режимдегі мүмкіндігі әзірленді және енгізілді;

- 1998 жылдан бастап Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 және 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулыларына сәйкес Республикалық құқықтық ақпарат орталығы өзі иесі болып табылатын Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастырды. Мемтізілімге тіркелген акті туралы негізгі мәліметтер - атауы, қабылдану нөмірі, қабылданған датасы, тіркеу датасы тіркеу нөмірі, күшіне ену датасы, Мемтізілімдегі нөмірі енгізіледі;

- 1998 жылдың 19 қазанынан бастап орталық офистің Астана қаласына көшірілуі іске асырылды;

Қайта құру және даму бүкіләлемдік банкі сарапшыларымен компания тәжірибесі зерделенді және «Заңнама»ДБ бағдарламалы-технологиялық кешеніне жоғары баға берілді.
- 1999 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Республикалық құқықтық ақпарат  орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» № 487 жаңа қаулысы қабылданды, оған сәйкес РҚАО ММ-сі РҚАО РМК болып қайта құрылды;

- 1999 жылдың желтоқсанында ДБ пайдаланушыларына бағдарламаның төртінші нұсқасы берілді.Қазақстанда мемлекеттік тілдегі құқықтық актілердің бірінші деректер базасы - «Заң» Деректер базасы құрылды;

- 2000 жылдың ақпанында «Заңнама» ДБ бағдарламалы-технологиялық кешеніне авторлық құқығы тіркелді. ҚР ӘМ Авторлық құқығы жөніндегі комитетімен 2000 жылдың 4 ақпанынан №017 куәлік берілді;

- 2000 жылдан бастап «Заңнама» ДБ ақпараттық кеңістігін күнделікті жаңарту және пайдаланушыларға ДБ жаңарту файлдарын адрестік тарату іске асырыла бастады;

- 2001 жылы Республикалық құқықтық ақпарат орталығының мамандары «Заң» Деректер базасының бесінші нұсқасын жасады. 5.0 Нұсқаның бағдарламалық қабықшасы екі жеке бөлімді бірыңғай ақпараттық жиымға біріктіруге мүмкіндік берді: мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы және атқарушы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік актілері орыс тілінде және осыған ұқсас құжаттар мемлекеттік тілде.  Сөйтіп, Қазақстанда Республика заңнамасының бірінші қостілді деректер базасы құрылды. Пайдаланушы нормативтік актімен мемлекеттік немесе орыс тілінде жұмыс істей алады, ал қажет болған ретте бұл құжаттарды компьютер экранында екі терезе тәртібінде салыстырады;

- 2002 жылдан бастап РҚАО Әділет органдарының ақпарат  саласындағы қызметін үйлестіруді, Әділет министрлігінің  Веб-сайтын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті;

- 2003 жылы «Заң» ДБ мемлекеттік және орыс тілдерінде заң терминдерінің анықтамалығы әзірленді; ДБ-нан НҚА жеке топтамасын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды.

- 2005 жылдан бастап жасырын құқықтық ақпаратпен белсенді жұмыс басталды;

- 2005 жылдың қарашасында «бір терезе» қағидасы бойынша Халыққа қызмет көрсету Орталықтары үшін «құжаттарды қабылдау және тіркеу» бағдарламалық қамсыздандыруы жасалынып, өндірістік пайдалануға берілді;

- 2006 жылдың маусымында Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінің Интернет нұсқасы жасалып, енгізілді http://www.zanorda.kz/;

- 2006 жылдың шілдесінен бастап РҚАО Электронды үкімет порталын ақпараттық толықтырудың әкімшісі болып табылады http://www.e.gov.kz/;

- 2006 жылдың тамызында «Закон» ДБ тіркелмеген құжаттар базасымен және мәтіндік іздестірумен толықтырылды;

- 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның цифрлық кітапханасын құруға көмек көрсетілді, атап айтқанда, мәтіндерді цифрлық кітапханаға бейімдеу үшін «Заң» деректер базасындағы НҚК мәтінін UNICODE халықаралық кодтауға аудару бағдарламасы әзірленген; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 300 НҚК  топтамасы  ұсынылды;

- 2007 жылдың маусымында Халыққа қызмет көрсету Орталығы (ХҚО) үшін «Құжаттарды қабылдау/беруді ұйымдастыру» бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа нұсқасы жасалды;

- 2007 жылдан бастап ДБ ақпараттық алабы авторлық материалдар, сот тәжірибесі және нормативті-техникалық құжаттамамен толықтырылды;

- 2008 жылдың бірінші жартысында құжаттарды логикалық іздеу күшейтілген, FTP-cервер арқылы автоматты түрде жаңарту енгізілген, сонымен қатар мемлекеттік тілде «Тақырып бойынша іздеу» блогы қосылған бағдарламалық қамтамасыз етудің кезекті нұсқасы әзірленді;

- 2008 жылдың мамыр айынан Тәжік Республикасы және Қырғыз Республикасының Әділет министрліктерімен, ТМД экономикалық Соты, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетімен құқықтық ақпаратты алмастыруды жүзеге асырып келеді;

- компания ЕЭҚ мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының Кіріктірілген деректер базасының жобасын құруға қатысуда;

- 2009 жылы аумақтық әділет органдарында 2008 жылдан бастап тіркелген жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін қамтитын жаңа блок – «Аймақ»/ «Регион» ДБ жарыққа шықты; - компанияда он-лайн тәртібінде жұмыс істейтін «1С-Бухгалтерия» бағдарламалық қамсыздандыру енгізілген, деректерді таратудың корпоративті желісі жетілдірілген;

- 2009 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыру, сондай-ақ құқықтық ақпараттың жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, 2009 жылдың 24 тамызынан бастап қоғамдық қолжетімді орындарда – барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, соттарда жұмыс істейтін ақпараттық-анықтамалық киоскілерде, еліміздің жоғары оқу орындарының компьютерлік сыныптарында, республика бойынша барлық ғылыми кітапханаларда «Заң» ДБ орнатылуда;

- 2009 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік және орыс тілдерінде, құрамында басқарудың жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, кент, ауыл деңгейіне дейін, нормативтік құқықтық актілері бар, сонымен қатар «Тіркелмеген» ДБ, құрамында әділет органдарында міндетті тіркелуге жатпайтын, мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық актілері, нұсқаулық сипаттағы хаттар, құжат үлгілерімен толықтырылған «Заң»ДБ 6.0 нұсқасы қолданысқа берілді. Іздеу қабықшысының мүмкіндіктері кеңейтілген: барлық анықтамалардың құрылымы өзгертілген; мемлекеттік және орыс тілдерінде тақырып бойынша іздеу толықтырылған; «іссапар туралы» нормативтік құқықтық актілерді сауалдан алып тастау мүмкіндігі енгізілген;

- халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көпшілік кітапханаларда, жоғары оқу орындарында және жергілікті соттардың ақпараттық киоскілерінде құқықтық ақпаратқа қоғамдық қол жеткізу орындары ұйымдастырылған;

- 2010 жылдың ақпан айы - Кәсіпорын филиалдарымен алғашқы бейне-конференция өткізілді;

- 2010 жылдың шілде айы - "Заң" ДБ-ның  ұраны бекітілді. Компанияның Ақтөбе филиалы жеңімпаз болып танылды. «Сапа мен сенімділікті бағалайтындар үшін» ұраны ресми түрде бекітілді;

- 2010 жылдың қыркүйек айы - ҚР мемлекеттік органдарымен "Ақпараттық-құқықтық жүйе саласындағы ынтымақтастық туралы"Меморандумға қол қойылды

2010 жылдың қараша айы - ЮНЕСКО-ның ақпараттық технологиялар және құқық жөніндегі кафедрасының қолдауымен  Беларусь Республикасының Ұлттық құқықтық ақпарат орталығымен ұйымдастырылған Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткізілген «Ақпараттық технологиялар және құқық (Құқықтық ақпараттандыру – 2010)» ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қазақстандықтар атынан қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК «Қазақстандағы құқықтық ақпараттандыру: тарихы,келешегі» тақырыбындағы баяндаманы ұсынды;

- 2010 жылдың қараша айы - мүдделі тұлғаларға РҚАО-ның ақпараттық-құқықтық қызмет көрсетуіне  өз тапсырысын Интернет арқылы орналастыру сервисі ұйымдастырылды;

- 2011 жылдың қаңтар айы - Құқықтық ақпараттық қызмет ұйымдастырылды.