Оқыту-кәсіби шеберлікті жетілдіру жолы
Ағымды жылдың 30-мамыры Республикалық құқықтық ақпарат орталығының Ақпараттық-құқықтық жұмыс басқармасымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаңа қабылданған қызметкерлеріне арналған «Заң» деректер базасының 6.0 болжамымен жұмыс істеу әдістемесі бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинар 2011 жылдың І жарты жылдығына арналған Іс-шаралар жоспарының шеңберінде өтті.
Тыңдаушыларға «Заң» деректер базасының 6- болжамы, оның іздестіру мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілермен жұмыс түрлері– сұрауды ресімдеу, тақырыптық іздеу мүмкіндіктері, НҚА-ның топтамаларын қалыптастыру, ДБ-ның сөздіктері мен анықтамалықтарын қолдану көрсетілді.
Бір бөлігі «Сұрақ-жауап» пішімінде өткен семинар барысында «Заң» ДБ-ның іздеу қабықшасына байланысты барлық өзекті сұрақтарға жауаптар берілді, сонымен қатар нормативтік жиымда жалпы, сондай-ақ оның жеке бөлімдерінде бейімделу жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылардың ойынша, осындай кездесулер ҚР Әділет министрлігі қызметкерлерінің кәсіби білімдерін шыңдауға және олардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді.


