Басшылық
1975 жылы 04 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келді.
1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын Астана қаласы әкімдігінің құрылымынан, прокуратура органдарынан бастады, 2002 жылдан Қазақстан Республикасы әділет органдарында жалғастырды.
2005-2007 жылдар – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы РМҚК директоры.
2007-жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының директоры.
2008 жылдың наурыз айынан бастап Нұр Отан ХДП мүшесі болып табылады.
2008 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр Отан ХДП "Бірлік" филиалы ҚР ӘМ "РҚАО" РМК Бастауыш партия ұйымының Төрағасы болып табылады.
Үйленген, қыз бала тәрбилеп отыр.
1971 жылы 18 қазанда Көкшетау облысында дүниеге келді.
1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады.
Еңбек жолын Көкшетау облысының әділет басқармасынан бастады.
1996 жылы Көкшетау аймақтық құқықтық ақпарат орталығын басқарды.
1998 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы директорының орынбасары.
Филиалдар, ақпараттық-құқықтық жұмыс басқармасы, ақпараттық технологиялар басқармасының жұмысына жетекшілік етеді.
Тұрмыста, екі баланың анасы.


